Заттың шығару ж/е жұтылу спектрлерін алу
Микробөлшектегі негізгі қозған деңгейге ауыстыру үшін микробөлшекке берілетін энергия өоздыру энергиясы д.а.Қоздыру энергиясы көбінесе электрон-вольтпен (эВ)өлшенеді.зат бөлшектерінің энергияны жұту процесі жоғары бағытталған стрелкалармен,ал энергия шығару процесі-төмен бағытталған стрелкамен белгіленеді.Зат бөлшектері энергияны екі деңгей энергиясының айырмасына тең энергия үлестерімен жұтып ж/е шығара алады.Электромагнииттік сәуле кванттары түрінде энергия жұтылған ж/е шығарылған кезде бұған сәйкес заттың жұтылу ж/е шығару спектрлері алынады.Сонда энергиясы екі энергетикалық деігей энергияларының айырмасына тең кванттар(фотондар) ғана жұтыладыж/е шығарылады.Мыс,атом Е_(0 )деңгейден Е_(1,)деңгейге Е_(1,)-Е_(0 )айырмасына тең 〖hν〗_0,1квантты,ал Е_(1,)деңгейден Е_2 деңгейге 〖hν〗_(1,2)=Е_2-Е_(1 )квантты жұтып ауысады.Берілген заттың деңгейлері арасында қанша кванттық ауысу мүмкін болса,ол теория жүзінде жиіліктері әртүрлі сонша квантты жұта алады.Осы жиіліктер жиынтығы жұтылу спектрін береді.Заттың шығару спектрі осы заттың атомдары жоғарырақ деңгейлерден төменірек деңгейлерге ауысқан кезде шығара алатын барлық жиіліктердің жиынтығы болып табылады.Заттың шығару спектрін алу үшін оның бөлшектеріне қосымша энергия беріп қоздыру керек.Осы мақсатта зат үлгісі жарық көзіне ендіріледі.Мұнда үлгі қыздырылып,буға айналады,зат молекулалары атомдарға жіктеледі,жекелеген атомдар мен ииондардың қоздырылуы іске асырылады.Зат бөлшектері қозған күйде өте қысқа уақыт (〖10〗^(-7)-〖10〗^(-8) с)болады,содан өздігінен қалыпты күйге оралып,артық энергияларын жарық кванттары түрінде шығарады,ал бұлар зат үлгісінің шығару спектрін құрайды.Егер үлгідегі барлық элемент атомдары бір мезгілде қоздырылатын болса,онда спектрде бұлардың әрқайсысына сәйкес жиіліктер –сызықтар алынатын болады.Толқын ұзынд-ры б/ша жіктелген сәуле әйтеуір бір амалмен тіркелуі керек.Бұл үшін жарықты тіркеудің фотографиялық ж/е фотоэлектрлік әдістер.Фотографиялық тіркеу әдісі фотопластинка н/е фотопластинкаға түскенде жарық бұлардың қараюын тудыруына негізделген.Шығару спектрі осы жағдайда пластинканың бетінде қара сызықтар (сызықтық спектр)н/е қара жолақтар (жолақ спектр) түрінде алынады.Сызықтық спектрлер бір-бірінен біршама қашықтықтарда орналасқан жеке-жеке сызықтардан тұрады.Сыз.спектрлер молекулаға бірікпеген ж/е бір-бірімен әсерлеспейтін жеке атомдар жарық шығарған жағдайда алынады.Жолақ спектрлер әрқайсыс өте жиі орналасқан,кей жағдайда бірігіп кеткен сызықтар жиынтығы болып табылатын ені үлкенірек н/е кішірек болып келетін жолақтардан тұрады.Тұтас спектр тұтас кең жолақ түрінде бір-бірімен қосылып кеткен өте көп сызықтар болып табыады.Бұл қыздырылған қатты н/е сұйық зат шығаратын сәулені толқын ұзындықтары б/ша жіктеген кезде алынады.