Заттың шығару ж/е жұтылу спектрлерін алу,спектрлерді тіркеу

Заттың шығару спектрі мен жұтылу спектрінің пайда болуы әрқашанда оның атомдары мен молекулаларының ішкі энергиясының өзгеруімен б/сты болады.Ішкі энергия қоры ең аз бөлшектер (атом,молекула) қозбаған деп,ал бұлардың тұрған күйі қалыпты,немесе негізгі күй д.а.сырттан әсер ету арқылы зат бөлшектеріне қосымша энергия беруге болады;мұны жұтып олар негізгі күйден қозған күйге көшеді.Атомдар мен молекулалардың ішкі энергиясы үздіксіз өзгере алмайды,ол тек секірмелі түрде,дискретті өзгереді.Әрбір элементтің атомдары үшін,әрбір заттың молекулалары үшін өздеріне тән энергетикалық күйлердің мүмкін дискретті қатары болады.Сондықтан да олар энергияны белгілі қатаң энергия үлестері түрінде ғана шығарып ж/е жұта алады.Энергия үлесін жұтқанда н/е шығарғанда бөлшек (атом,молекула)бір мүмкін энергетикалық күйден басқа күйге көшеді.Атомдар мен молекулалардың энергетикалық күйлері шартты түрде горизонтал түзулер –энергетикалық деңгейлер (1-сурет)түрінде кескінделеді.Ең төменгі деңгей –негізгі Е_0 деңгей микробөлшектің негізгі күйіне сәйкес келеді.Бұдан жоғары Е_(1,) Е_(2,) Е_3,...және т.б деңгейлері орналасады;бұлардың әр қайсысы нақты қозған күйге сәйкес келеді.Және де жоғарырақ энергетикалық деңгейге атомның не молекуланың ішкі энергиясының молырақ қоры сәйкес келеді.