1.Электромагниттік сәуленің табиғаты ж/е оның негізгі сипатт
Электромагниттік толқындар –электр магнит өрісі д.а.Ал тербелістің кеңістікте таралуы –электромагниттік толқындар дейміз.Оның табиғаты бір,кеңістікте бірдей жылдамдықпен таралады.Максвеллдің электромагниттік теориясы тұрғысынан оптикалық құбылыстардың бәрі дерлік түсіндіруге жарайтындай,жарық табиғаты толығынан анықталғандай болып көрінді.Жарықтың толқындық (электромагниттік) табиғаты күмәнсіз дәлелденді деп саналды.Мұны жарықтың интерференция ж/е дифракция құбылыстары растап берді.Бірақ жарықтың толқындық табиғатына қайшы келетін жаңа эксперименттік деректер п.б.Енді жарықтың толқындық теориясы оптикалық құбылыстардың бәрін түсіндіру үшін жеткіліксіз болып шықты.Алғаш бұл қара дене шығаратын тепе-теңдіктегі жылулық электромагниттік сәулеге қатысты проблеманы қарастырғанда білінді.Қара дене шығаратын сәуле спектріндегі энергияның үлестірілуін түсіндіруге жарықтың электромагнитік теориясы жарамсыз болды.Бұл проблеманы толқындық көрініс тұрғысынан классикалық электродинамика мен статистика негізінде шешуге бағытталған талпыныстар сәтсіз аяқталды.Дәл осындай қиындық фотоэффект құбылысы заідылықтарын түсіндіру кезінде де кездесті. Яғни ЭМС спектрі :Көрінетін сәуле мен радиотолқындар,рентген,ультракүлгін,инфрақызыл ж/е γ- сәулелері –бұлар бір-бірінен толқын ұзындығы (жиілігі)б/ша өзгеше электромагниттік сәуле түрлері.Толқын ұзындығының өсуі б/ша орналастырғанда бұлар электромагниттік толқындардың толық спектрін құрайды,сонда толқын ұзындығы нанометрдің бөлігінен бастап бірнеше км-ге дейін өте кең аралықты алып жатады.ЭМС түрлері: γ-сәуле ≤〖10〗^(-2 ) нм,рентген -〖10〗^(-2 )-1 нм,,ультракүлгін 5-400нм,көрінетін сәуле(жарық) 400-750 нм,инфрақызыл – 760нм-300мкм,микротолқындар -300мкм-300мм,радиотолқындар-300 мм-ден бірнеше км-ге дейін толқын ұзындық диапазонын қамтиды.