2016 жылы қандай түстер сәнге айналады?
2016 жылы ашық көк пен алқызыл кварц түстер сәнге айналады. Бұл туралы «Pantone Color Institute» мамандары хабарлап отыр.
Интитут мамандарының зерттеуі бойынша, ашық көк түстер мен ашық алқызыл (алқызыл кварц түстес) түстер әйелдер мен ерлер үшін де сәнге айналмақ. Ал компанияның атқарушы директоры Лиатрис Айсман аталған түстердің денсаулыққа пайдалы әрі көңіл күйді көтеретіні туралы айтты.
Айта кетейік, «Pantone Color Institute» 2000 жылдан бері ең үздік түстерді анықтаумен айналысып келеді. Зерттеу барысында, сәнгерлердің, косметологтардың да пікіріне құлақ асады.