Нұржан Керменбаев әке атанды
"Арнау" тобының мүшесі, көпшілікке танылып үлгерген белгілі әнші Нұржан Керменбаев тұңғыш рет әке атанды. Бұл жаңалықты ең бірінші әншінің өзі инстаграм желісіне жариялады. “АЛЛА ҰЛЫҚ! Алла асқан дана! Алла шебер! Сүйінші Қазақ елі! Алла ұл сыйлады. Әке болдым, анам әже болды, есімі Мүслім,” − деп Нұржан оқырмандарынан сүйінші сұрап үлгерді. Бізде әншінің қуанышына ортақтаса отырып, әке болуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Естеріңізге сала кетейік, Нұржан биыл 26 наурызда отбасын құрған болатын. Үйлену тойы Жезқазған қаласында, әншінің туған жерінде өтті. Оның жарының есімі - Назерке. Ол Тараздың тумасы. Нұржан мен Назеркенің жас айырмасы алты жыл.