Жапондар суға жууға болатын смартфон шығарды (видео)
Жапондар суға жууға болатын смартфон жасап шығарды. Жаңа гаджет сатылымға 11 желтоқсан күні шығады.
«Kyocera» компаниясы жасап шығарған суға төзімді смартфонға «Digno Rafre» атауы беріліпті. Құрастырушылардың айтуынша, смартфон қолдан түсіп кету мен суға төзімді екен. Сондай-ақ гаджет дисплейі су болса да жасай береді. Сыртқы бөлігі қатты болғандықтан сызылу мен сыну туралы ойламауға да болады.