Айгүл Иманбаева бәріне үлгерді
Айгүл Иманбаева өзі иелік ететін «А.И» театрын елордаға ауыстырғалы жатыр деген едік. Енді міне оңтүстік астанамыз Алматы қаласынан да жаңа өнер мектебін ашып жатыр. Ашылу салтанатына ел ағаларымен қатар өнердегі әріптестері жиналды.
Бұл оқу ордасында елге танымал өнер иелерін тәрбиелеген ұстаздар білім беретін болады. Дегенмен Айгүл ханым психолог болуды қалайды.
Айгүл Иманбаева: "Егер психолог болсам жақсы ұстаз болар едім".
Психолог болуды ойлап жүрген бизнес womenнің ойлағаны бизнес емес, ашқан ордасының комуналдық ақысын төлеу. Айгүл Иманбаева: "Бұл жерден асқан пайда таппасам да, комуналдық ақысын төлесем болғаны", − дейді.
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын Иманбаева барлығына үлгеру үшін әдемілікті ұмытып жүр екен:
"Ұйқыдан құр қалғаннан кейін әдемі болмай қаласың", − дейді.
Осының барлығына үлгеру Айгүлдің ермінезділігінен көрінеді. Алайда бейнебаян түсіруге әзірге қолы тимей жүр. Бірақ әнші, әрі актриса ханым алдағы жылы жаңа салмақты бейнеклип түсіремін деп уәде берді. Біз де оны күтеміз. Сондай-ақ, жаңа оқу ордаңызбен құттықтаймыз!