Ақтауда футбол орталығы ашылды
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, «Каспий» футбол клубының футбол орталығы ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ашылу рәсімі 2012-2022 жылдары Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті. Клуб жыл сайын футбол орталығына 109 миллион теңге бөледі. Бұл қаржыға спорттық жабдықтар, орталықтың тәрбиеленушілері мен жаттықтырушыларының спорттық киімдері алынады. Сонымен қатар, жаттықтырушылардың жалақысы мен жасөспірімдер командалардың іссапарларының шығыны төленеді.
«Каспий» футбол клубының футбол орталығында қазіргі уақытта 14 топ бар. Онда 300-ге тарта бала футболмен шұғылданады.