Тест: Өзіңізге ризасыз ба?
Баршамыз ең бірінші өзімізге сенім артамыз. Алайда адамның өзіне-өзі әрдайым көңілі тола бермейді. Төмендегі тестінің көмегімен өзіңізге деген сеніміңізді біле аласыз.
1. Қайта туып, өмірді қайтадан бастауды армандайсыз ба?
Иә – 4, жоқ – 16.
2. Сүйіп айналысатын ісіңіз бар ма?
Иә – 18, жоқ – 5.
3. Жұмысыңыздың қисыны,сәті келмесе, өзіңізге-өзіңіз: «мұндай жағдай тек менде ғана емес» деп айта аласыз ба?
Иә – 6, жоқ – 2.
4. Егер де біреу сізге қызғанышпен қарайтын болса, қуанасыз ба?
Иә – 16, жоқ – 2.
5. Біреу сізді жұғымсыз, құйтырқы адам деп пікір білдірсе, мәртебеңізге нұқсан келіп, ұнжырғаңыз түсер ме еді?
Иә – 3, жоқ – 12.
6. Егер де өзіңізде болған жайсыздық, басқа бір танысыңызда да болса өзіңізді-өзіңіз жұбатар ма едіңіз?
Иә – 18, жоқ – 5.
7. Бір айтулы іс сіздің араласуыңызсыз тым жақсы өтіп жатса, толғанып, күйіп-пісер ме едіңіз?
Иә – 2, жоқ – 16.
8. Лоторея ойнағанда көп ақша ұтып алғыңыз келетін ниетте жиі боласыз ба?
Иә – 4, жоқ – 20.
9. Егер де туғандарыңыз немесе достарыңыз қымбат бағалы сыйлықты сізге деп алып қойғанын білсеңіз, тамырыыздың соғуы жиілеп кете ме?
Иә – 16, жоқ – 3.
Енді жинақталған ұпай санын есептеңіз.
120-дан астам: Өзіңізге өте ризасыз. Бірақ ойлансақ, сізде өзіңізге деген сыни көзқарас жетіңкіремейді, шын мәнінде бойыңызда өзіңізді-өзіңіз бағалай алатындай қабілет шамалы.
60-тан 120-ға дейін: Сіз өзіңізге-өзіңіз жеткілікті деңгейде сенесіз және тәкаппарлықтан адасыз.
60 ұпай болса, бейтаныс адамдар отырған бөлмеге, бастыққа жеке бас өтінішіңізбен кірген кезіңізде табан астындағы әсер сырғып кетіп бара жатқан сияқты көрінбей ме? Егер солай болса, бұл жағдай өзіңізге таныс болар. Сіз жұмыс ауыстыруға қорқасыз, қонаққа барғанда бір бұрышқа елеусіз отыра қаласыз, даусыңызды шығарып сөз айтуға жоқсыз. Сиқыршыны күтпеңіз, ол өзіңізге деген сенімді күшейте алмайды. Бағыңызды ашу үшін тек өзіңіз ғана тер төгіп, жігерлі әрекет етуге кірісіңіз.