Сұрағыңызды теріңіз





CҰРАҚ ҚОЮ

Илья Ильин Ресей президентінің кубогы турниріне қатысады

12-13 желтоқсан күндері Грозный қаласында Ауыр атлетика бойынша Ресей Федерациясы Президентінің Кубогы үшін бесінші халықаралық турнир өтеді. Бұл додаға еліміздің атынан Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің төрт мәрте жеңімпазы Илья Ильин қатысатын болады.
Илья Ильин жақында ғана Хьюстонда өткен әлем чемпионатына қатысқан жоқ. Есесіне 105 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Александр Хайчиков жеңіс тұғырынан көрінген болатын.