Қазақстандық жиһадшылар ДАИШ содырларының жалақысын ұрлап ке
Естімеген елде көп. 1 желтоқсан күні Сирияның Ракка қаласында ДАИШ ұйымының екі жауынгері өз жиһадшылардың жалақыларын әкеле жатқан автокөлікті ұрлап мініп кеткен. Бұл туралы «Жиһад» телеарнасының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап, ресейлік «riafan» сайты хабарлап отыр. Бір қызығы, ақшаны қолды қылғандар қазақстандық жиһадшылар деп хабарланып отыр.
Оқиға Сирияның Ракка қаласында орын алған. Бұл қала ДАИШ содырларының астанасы саналатын мекен. Лаңкестік ұйымның twitter-дегі парақшасының хабарлауынша, «Раккада екі қазақ өз бригадаларындағы муджахидтердің жалақыларын әкеле жатқан көлікті ұрлап кетті, және олар Түркия аумағына бет алды. Осы туралы «Бірде «ДАИШ-де» деген фильм түсіруге болады» - деп жазған.