Әр әзілдің түбінде бір шындық бар

"Әр әзілдің түбінде бір шындық бар" демекші, күліп тұрып-ақ арғы ойын жеткізе білетіндер бар. Күлдіремін деп күлкіге қалатындар да бар. Бір сөзбен айтқанда, "күлдіре білу - өнер, күлкіге қалу - өлім". Назарларыңызға әзілдер топтамасын ұсынамыз.

***

Бокс үйірмесіндегі алғашқы жаттығудан кейін жаттықтырушы жас баладан сұрайды:

- Сұрағың бар ма?

- Иә. Бұл жерде сырттай оқу бөлімі бар ма?

***

Әйелдер тазалықты сүйеді. Әсіресе, күйеуінің қалтасын тазалап қойғанды...

***

Автобустағы қыз өзінің аяғын басып кеткен жігітке бар пәрменімен айқайлады:

- Хайуан!

- Танысқаныма қуаныштымын!

***

Бастық: Аузыңдағы темекіні таста!

Қызметкер: Басеке, бұл темекі емес, қарындаш.

Бастық: Мейлі, не болса да! Жұмыс уақытында темекі де, қарындаш та шегуге болмайды.

***

МАИ қызметкері жоғары жылдамдықпен келе жатқан жүргізушіні тоқтатып:

- Бұл жерде 40-тан асуға болмайды. Сіз 80-мен кетіп барасыз ғой. Қайда асығып барасыз?

- Сізге мына ақшаны әкеле жатыр едім.

Жалғастыра отырыңыздар