Бір күнде смартфоныңызға неше рет қарайсыз?
Смартфон қолданушылары бір жылдың 49 күнін сүйікті гаджеттеріне қараумен өткізеді екен. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген TNS зерттеу орталығы хабарлап отыр.
TNS зерттеу орталығының тәжірибесіне 16 мен 30 жас аралығындағы смартфон қолданушылары қатысқан. Осы қолданушылардың 69%-ы әлеуметтік желілердегі ақпараттарды оқыса, қалғандары бейнебаян көруге уақытын арнайды екен. Күніне қолданушылар смартфонына орта есеппен 150 рет қараса, ал тәулігіне 3,2 сағат уақытын жұмсайтын болып шықты.