Қазақстандық оқушылар химия мен физика пәндерін ағылшын тілі
Қазақстандық оқушылар төрт пәнді ағылшын тілінде оқиды. Мектептерді үштілді білім беруге көшіру 2023 жылға қарай жүзеге асырылады.
Алтынсарин атындағы Білім беру ұлттық академиясының вице-президенті Мариам Мұқатова ОКҚ брифингінде "2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың жол картасы" бағдарламасы әзірленіп, бекітілгенін хабарлады. Академия жанынан үштілді білім беру орталығын құру жоспарланды, онда Қазақстанда білім беруді үштілді етуге ауысу және жоғары сыныптарда, колледждер мен жоғары оқу орындарында сабақтарды ағылшын тілінде оқытуға дайындау үшін бірыңғай тіл стандарты әзірленеді.