Қазақстанда шетел валютасымен сақталатын депозиттердің үлесі
Қазақстанда шетел валютасымен сақталатын депозиттердің үлесі артты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Отырыста "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланып жатыр.
Айырбас бағамына қатысты пікір білдіре отырып, Ақышев валюта нарығында қазіргі уақытта жағдайдың қалыпты екенін тағы бір рет атап өтті. "Валюта нарығындағы қалыптасқан теңдік Қазақстан экономикасына - мұнайдың әлемдік бағасы, ресейлік рубль бағамы, Ресей мен Қытайдағы экономикалық жағдай және әлемдік валюта бағамдарының қатынасына әсер ететін қазіргі іргелі факторларға сәйкес келеді", - деді Ұлттық банк басшысы.