Қытайда "Қара жорға" мен "Қамажай" билері мектеп бағдарламас

Қытайдағы қазақ мектептері "Қара жорға" мен "Қамажайды" ресми түрде оқу бағдарламасына қосып алды. Енді оқушылар күнделікті орындайтын жаттығудың орнына би қимылдарын жасайды.

Бұл бастамаға жергілікті билік ешқандай қарсылық танытпаған. Керісінше оны бірден қолдап, міндетті оқу жүйесіне бекітіп беріпті. Бірақ бұл билерді тойда билейтін "Қара жорға" немесе "Қамажаймен" шатастыруға болмайды. Сөзі, әні, тіпті қимылына дейін оқушыларға бейімделіп жасалған. Осылайша мектеп ұжымы күніне 25 минуттық үлкен үзілісте орындайды екен.