ҚАЗҰУ-ДЕГІ «ФЛАГМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ жайлы не білесіз?
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті факультеттері мен кафедраларының алға қойған мақсаттарының өзі халықаралық байланыс орнату арқылы студенттеріміздің білімді, біліктілігін арттыру мақсатында академиялық ұтқырлықпен дамыған елдердің университеттеріне жіберу болса, екінші елден қабылдаған студенттерді қабылдауда да екі жақты студенттердің білім, таным деңгейлерін кеңейту болып табылады. Осындай мақсатта бүгінгі күні университетімізде түрлі бағыт-бағдарда сан түрлі бағдарламалар жұмыс жасауда.
Соның бір дәлелі өткен оқу жылында, 2014-15 жылы «Флагман» бағдарламасы бойынша орыс тілін үйренуге келген америкалық студенттердің ішінен қазақ халқының мәдениеті мен тілін үйренуге қызығушылық танытқандары болған еді. Аптасына екі сағат уақыттарын қазақ тілін ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын танып білуге арнап та жүр. Осы тұста айта кеткен жөн, «Флагман» бағдарламасының қазақстандағы жетекшісі, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Элеонора Дюсенқызы Сүлейменованың ұйымдастыруымен жүзеге асып жатыр.
«Флагман» бағдарламасы бойынша биылғы 2015-16 оқу жылына келген 25 америкалық студент орыс тілін үйренуде. Осы студенттердің басым көпшілігі қазақ тілін, қазақ халқының мәдениетін оқып, білуге ниет білдіруде.