Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: 23.11.2015-29.11.2015
Жұлдыз жорамалды сенуге тұрмайтын сандырақ санайтындар бар. Жақсы нәрсе жазылса, жақсылыққа сене білсеңіз, әр нәрсе адамның өз сеніміне байланысты.
Тоқты
Жұмыста да, отбасылық өмірде де өзіңізді басшылық қырыңыздан көрсете біліңіз. Өз өзіңізді дамытуды қолға алыңыз. Ойға алған ісіңізді ұсақ-түйегін түгел ойластыру қажет. Қазір жаңа технологиягы игеретін, тіл үйренетін, сурет үйірмесіне қатысатын таптырмас уақыт.
Торпақ
Жеке кәсіп және шығармашылық тұрғысындағы идеяларыңызды жүзеге асыратын сәт туды. Дүйсенбіден бастап келісімшарттарды бекітіңіз. Басты мақсатыңыз бен идеяңызды, жоспарларыңызды көпшілікпен бөлісуге асықпаңыз. Жасайын деп жатырмын деп емес, жасадым деп қана айтуға дағдыланыңыз. Жұма күні бар мәселеңіз оңтайлы шешіледі.
Егіздер
Бұл апта сізден жұмыста мұқият болуды талап етеді. Сонымен бірге, демалыс күндері романтикалық сәт туғызуғы тырысыңыз. Бар күш-қуатыңызды жұмысқа салыңыз. Денсаулығыңызға күтіммен қараңыз. Араласқыңыз келмейтін кісілерге өтірік күлгенше, қазірден бастап іргеңізді аулақ салуға тырысқан абзал. Ішкі тепе-теңдігіңізді сақтау үшін өзіңізге көңіл бөліңіз.
Шаян
Осы жұма достық қарым-қатынасқа және балалармен жақын араласуға сәтті болмақ. Ал әріптестеріңіз бен сүйікті адамыңызға қатысты кикілжің туындауы мүмкін, алдын алу шараларын қарастырыңыз. Көкжиегіңізді кеңейтіңіз, сапарға шығыңыз. Бастаған ісіңізге қарама қайшы ой тууына дайын болыңыз.
Арыстан
Алға жылжуға кедергі келтіретін ойдың бәрінен осы апта миыңызды арылтыңыз. Күдіктердің тамырына балта шабыңыз. Өткен қателіктерді ойлап, бас қатыра бермеңіз. Олар тек сіздің жетістіктеріңізге жол ашады. Мәселелерді шешу үшін көзқарасыңызды өзгерткен ләзім.
Бикеш
Дүйсенбі мен сәрсенбі күні маңызды шешім қабылдамай кідіре тұрған жөн. Оның орнына өткен істеріңізді сараптап, енді не істеу керегін ойластырыңыз. Бейсенбі күні жаңа істердің іргесін қалауға, жаңа жұмыс іздеуге, көшуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сәтті күн. Оптимистік көзқарас шешілмеген түйіндерді реттеуге, досыңызға қол ұшын созуға негіз болады.
Таразы
Кәсіби саладағы және жеке өмірдегі олқылықтарды түзетуге күш салыңыз. Қазір осы жағдайға мүмкіндік туып тұр. Апта ортасында эмоцияңызға ие болып, сезіміңізді басқара біліңіз. Жұма күні бойыңызды күш-жігер тасып, шығармашылық шеберлігіңіз шыңдала түседі. Осы сәтті пайдаңызға жаратыңыз.
Сарышаян
Белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен жүрсеңіз, осы апта ең сәтті кез болмақ. Жеке өміріңізде бәрі үндестік тауып, өз сезіміңіз қандай болса, сондай тәтті махаббатқа иеленесіз. Балалар жетістігіне шаттанасыз. Жұма күні бар мәселеден тынығатын уақыт. Жексенбі күнін сүйіктіңізбен бірге өткізесіз.
Мерген
Әріптестеріңіз не достарыңызбен талас тудыратын әңгімеге жоғарыдан қарауға тырысыңыз. Қызыл кеңірдек болып керіспей, парасатты көзқараспен қарап көріңіз. Байыпты әңгімеге айналдырыңыз, бұл сіздің қолыңыздан келеді. Жеке өміріңіз қалай жалғасары сүйікті адамыңызға байланысты.
Тауешкі
Қуанышты жай да, мұңды оқиға да осы аптада орын алуы мүмкін. Басшылық сіздің жұмыс уақытында өзге іспен айналысып отырғаныңызды көрсе, аяушылық танытпайды. Дүйсенбі күні мұң сыйлауы ғажап емес, есесіне сейсенбі мен сәрсенбі сәттілікке толы болмақ. Бейсенбі күні маңызды қадамдарға бармай-ақ қойғаныңыз абзал. Жексенбі күні отбасында өзара түсіністік пен сенімділік сезімі арта түседі.
Суқұйғыш
Еріншектікке бой жеңдірмеңіз, жетістікке жететін жолды жабатын жалқаулық қана. Аптаның алдыңғы бөлігін бұрыннан жиналып қалған істеріңізді тындыруға арнаңыз. Сабырлылық пен төзімділік бар сәттілік кілті екенін естен шығармаңыз. Ақылды да парасатты болыңыз. Сыбайласыңызбен келеңсіздік тумауын басты назарда ұстаңыз.
Балықтар
Бұл жұма өткен жұмалардан өзгерек. Мұқияттылық деңгейіңіз жоғарылайды. Ішкі түйсігіңізге сенсеңіз, жұрт сізді мықты психолог ретінде танитын болады. Сейсенбі мен сәрсенбі күні маңызды кездесулер, бақ сыйлайтын бас қосулар, табысты танысулар күтеді. Апта аяғында интернетте қызықты хабарлама қуантуы ықтимал.
Тоқты
Қыстың алғашқы күндері тоқтылар тасыған күш-жігер сезінеді. Бар іске білек сыбана кіріседі. Әсіресе, кештерді, мерекелік отырыстарды ұйымдастыруда белсенділік танытуы мүмкін. Бірақ тек бар жауапкершлікті толығымен өз мойнына жүктеп алмаса болды. Өзгелерге азық-түлік әкелуді не өзге де қажетті бұйымдар жеткізуді тапсырыңыз. Бар болмысыңызды шынайы көрсетіңіз. Біреуге жақсы көрінемін деп қол ұшын созудың қажеті жоқ. Әйтпесе достарыңыз маңызды сәтте көмектесуден бас тартуы мүмкін. Жұмыста да, үйде де аса тәуекелді істерге бармаңыз. Осы аптада "Көп сөз — көмір, аз сөз — алтын" деген нақыл ұраныңыз болсын.
Торпақ
Күздің соңғы күндері зор шабыт сыйлайды. Тың идеялар арқасында көш бастайсыз. Ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз, ол тек жетістікке жетелейді. Жаңа жылда жаңа атаққа ие болуыңыз ғажап емес. Демалыс күндері бақытқа бастайтын таныстық күтіп тұр. Өзіңізге абай болыңыз. Ісіңіз бен тіліңізді бақылауда ұстамасаңыз, кикілжің туындауы ықтимал. Жұма күні аса сәтті болмақ.
Егіздер
Апта басында мансап жолындағы түйткілдерді, басшылықпен келісімді бір жақсы етіп алуға мүмкіндік туады. Жұмыстағы жанкештілік пен шеберлігіңіздің, мамандығыңызға деген сүйіспеншілікті көрсетіп бағыңыз. Осы аптада жеңіске жетсеңіз, бар өміріңіз өзгеріп сала береді. Нақты шешім қабылдарда жақсылап ойланып, өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын жағдай жасаңыз. Әлдекімдер сөзіне сеніп қалмай, әр ақпаратты үтір-нүктесіне дейін дұрыстап тексеріңіз. Қазір өз тағдырыңыздың патшасы екеніңізді естен шығармаңыз. Болашағыңызды, қай жолмен жүреріңізді өзіңіз ғана таңдайсыз.
Шаян
Шаян белгісінде туған жандар, осы апта сіз үшін бақытты сәттерге толы. Жұмыста да, махаббатта да бар ойыңызды жүзеге асыратын сәт туды. Пеш түбінде отырғанға біреу бірдеңе әкеліп бермейтінін ескеріп, өзіңіз әрекет етіңіз. Батылдар мен еңбекқорлар ғана қарсыластарын шаңында қалдырады. Қаржылық жолда биікке көтерілуге мүмкіндік туып тұр. Апта ортасында балаларыңызбен не ата-анаңызбен маңызды мәжіліс құрасыз. Отбасындағы шешілмеген түйіндер сіздің ұйымдастырушылық қабілетіңізге қарай шешімін таппақ.
Арыстан
Әрдайым өз күшіңізге сенімдісіз. Тек пікір білдірерде абай болыңыз, қырсығып, сөз таластырып жүретін уақыт емес. Сәрсенбі, бейсенбі күндері жаңа жоба қоға алып, гардероб жаңартуға болады. Жұма күнң жаға кеңістік ашылады, жалқаулыққа жар беріп, жақсыға қол сілтемеңіз. Шығармашылық шаралары, ақпарат алмасу, зияткерлік тұлға даралануы, халықаралық байланыстар жөніндегі істер есігіңізді күліп қағады. Сәттіліктерге сіз де қуана құшақ жайыңыз.
Бикеш
Осы аптада ешкімге уәде бермеңіз. Айтылғанның бәрін уақытылы орындау қиынға соғады. Сейсенбі күні болашаққа бас қатыруға тура келеді. Шығармашылық жолындағы ойға алған нәрселеріңіз іске асады. Апта аяғында жақын жандарыңызға көңіл бөліңіз, олар сіздің қолдауыңызға мұқтаж. Жексенбі күні достарыңызбен кездесу жағымдылық пен жайлылық сыйлайды.
Таразы
Бәрін түбегейлі өзгерту не қаз қалпында қалдыру – тағдыр екінің бірін таңдауды талап етеді. Аралықта қалуға болмайды. Жұмыста, қаржылық жағдайда қандай жай таңдасаңыз да тек жақсылық әкеледі. Сығарыңызға осы жолы қыңырлық көрсетпеген жөн, бәрінен жалығып, бұрылып кетіп қалса сан соғып қалатын өзіңіз ғана боласыз.
Сарышаян
Апта аяқталғанша ең маңызды істің бәрінен нәтиже шығаруға тырысыңыз. Батыл болыңыз, басқаларды тың оймен таңдандырыңыз. Ешкімге сенім артпай, бар мәселені өз бетіңізбен шешуге дағдыланыңыз. Демалыс күндері қаржыңызды қалағаныңызша жұмсауға болады. Жұбыңыз болса, ең тәтті естеліктер осы аптада жазылады. "Алма піс, аузыма түс" деп жүре бермеңіз. Сіздің ұраныңыз: "Келдім, көрдім, жеңдім" болуы тиіс. Денсаулыққа көңіл бөліп, иммунитетіңізді нығайтыңыз. Басшылық жақтан мадақтау алуыңыз да әбден мүмкін.
Мерген
Аптаның бірінші бөлігінде тек көтеріңкі көңілде боласыз, мерекелік көңіл күй өзінен өзі төгіліп тұрады. Соған орай, жұмыста да айыңыз оңынан туады. Өмірге күліп қараған адамға өмір ешқашан қабағын түймейтінін есте ұстаңыз. Жоғары жақтан өте бағалы да байсалды сый түсуі ықтимал. Мамандық ұстанымыңыз да оң өзгерістерге бастайды. Қаржы тапшылығы да жолықпайды. Мұның бәріне маңдай тер сіңуі керегін ұмытпаңыз.
Тауешкі
Жаңа жобаларды жүзеге асырып, батыл жұмыстарды қолға алуға тамаша апта. Жоспарланбаған жүздесулер іскерлік байланыс орнатуға әкеліп, қызық қырымен танылады. Құжаттарды рәсімдеп, келісімшартқа қол қоярда аса мұқият болыңыз. Апта ортасына таяу соңыңыздан ерер қаңқу сөздерге пысқырып қарамасаңыз да болады. Айтылған жерінде қалады. Кімнің кім екенін уақыт анықтайды.
Суқұйғыш
Бар қарым қатынас істе өнімділік береді. Апта соңына дейін бастаған істеріңізді аяқтап, жұмысыңызға сараптама жүргізіңіз. 2015 жылы жеткен жетістіктеріңіз бен жіберген кемшіліктеріңізді тізбектеңіз. Шешілмеген түйіннің оң жауабын табуға мүмкіндік бар. Әріптестер, достар, туыстар, жақын-жуық – барлығын саралап, кімді ренжіттіңіз, кімге артық сөз айттыңыз, осыны зерделеңіз. Ағат басқан қадамыңыз үшін кешірім сұрайтын сәт жетті, кірлеген көңілді жууға аса қолайлы кез туып тұр. "Үнемі өзімдікі дұрыс" деген менмендікті ысырып қойып, бір уақыт парасаттылық пен төзімділікке орын беріңіз.
Балықтар
Бастаған ісіңізге ешқашан күмінмен қарамаңыз. Түбірі терең болмаса да, басталған жұмыстан бас тартуға болмайды. Сәрсенбі күні нақты жоба мен жоспар құрыңыз. Жақын жандарыңызбен қарым қатынаста да стратегия мен тактика пайдаланыңыз. Жұмыста көп салмақ түсіп, біраз істі бір мезгілде атқаруға тура келуі мүмкін. Ұжымдық жұмыстан алыстамаңыз. Тек белгілі жайларға ғана емес, әр ұсақ-түйекке көңіл бөлу керек.