Қазақтың тұңғыш дойбы шеберлері
Қазақстандағы дойбы спортының дамуы бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталады. Көшпенді бабаларымыз (сақ дәуіріндегі) ШАТРАШ деген ойынды білген екен. Әуелгі кезде оны ойнауға тиым салғанына қарамастан қазақ даласына тез тарап кетіпті. Сауда керуендерінің қазақ даласына келуіне байланысты қазақ даласына бұл ойын халықтың сүйікті ойындарының біріне айналған. Жоғарыдағы суретте: Көпестер дойбы ойнапжатыр. Қазақстанның шығысында бұл ойынды ДОЙБЫ десе, батыс аймақтарда ШАТРАШ деп атайды. Қазақтың «екі жеп биге шығу» деген сөзі бұл ойынның ежелден келе жатқандығының, оның ұлттық ойынымыз екенінің бір белгісі.
Қазақстанның бірінші чемпионаты 1935 жылы өтіп, оған 12 ойыншы қатысыпты. Бір ерекшелігі, алғашқы чемпионның ұлы Абайдың немересі, семейлік Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтың (бұрынғы деректерде Әкрам деп келген едік) болғандығында. Әрхам Кәкітайұлы екінші рет 1949 жылғы өткен республика біріншілігінде чемпион болыпты. Бұл кісі сонымен бірге тоғыз құмалақты да жақсы ойнаған, бірнеше рет ел біріншілігіне қатысқан. Абайдың мұражайында ұлы ақын ойнаған дойбы тақтасы мен тастары сақталған.