Тест: Қаншалықты мұқиятсыз?

Адам қашанда өзін тануға талпынуы тиіс. Бұл тест сізге мұқияттылық дәрежесін анықтауға көмектеседі.

1. Беймәлім кеңсеге кіргенде ең алдымен не нәрсеге назар аударасыз?

а) үстелдер мен орындықтардың орналасуына;

б) заттардың түзу орналасуына;

в) қабырғада ілулі тұрған нәрселерге;

2. Біреумен кездескенде:
а) тек бетіне қарайсыз;

б) байқатпай басынан аяғына дейін қарап шығасыз;

в) тек белгілі бір мүшесіне ғана қарайсыз (көз, құлақ, мұрын).

3. Көрген пейзажыңыздан есіңізде жақсырақ сақталатын тұсы?
а) түсі;

б) аспан;

в) көрген кездегі қуанған не мұңайған сәтіңіз.

4. Таңертең ұйқыдан оянған кезде:
а) не істеу керегіңізді ойлайсыз;

б) қандай түс көргеніңізді ойлайсыз;

в) кеше не болғанын ойға аласыз.

5. Қоғамдық көлікте отырғанда:
а) ешкімге көз салмастан алдыға жылжисыз.

б) жаныңызда тұрған адамға қарайсыз;

в) жақын тұрған жанмен әңгіме бастайсыз.

6. Көшеде келе жатқанда:
а) көліктерді бақылайсыз;

б) үй құрылыстарына назар саласыз;

в) жүргіншілерге қарайсыз.

7. Дүкен сөрелерінен не қарайсыз?
а) тек қажет болар-ау деген бұйымдарға қызығушылық танытасыз.

б) дәл қазір қажет емес нәрселерді де көресіз;

в) әр нәрсеге бірнеше рет мұқият қарайсыз.

8. Егер үйден бір нәрсе іздесеңіз:
а) қай жерге қоюым мүмкін деген жердің бәрін шолын шығасыз;

б) барлық жерді ақтарасыз;

в) басқалар тауып беруін өтінесіз;

9. Ең жақын достарыңызбен түскен ескі суреттерді көргенде:
а) толқисыз;

б) күлкіңіз келеді;

в) кім түсіргенін еске түсіруге тырысасыз.

10. Сізге бұрын соңды ойнап көрмеген құмар ойынға баруға ұсыныс білдірді.

а) ойнап, ұту тәсілдерін үйренесіз;

б) бірнеше уақыт байқап көрген соң бас тартасыз;

в) мүлдем ойнамайсыз.

11. Саябақта әлдекімді күтіп тұрсыз:
а) жаныңыздан өткен адамдарды көзбен зерттейсіз;

б) ақпарат оқисыз;

в) қиялға берілесіз.

12. Түнде жұлдыздар жымыңдағанда:
а) өз шоқжұлдызыңызды табуға талпынасыз;

б) жай ғана аспанға қарайсыз;

в) мүлдем қарамайсыз.

13. Кітап оқығанда:
а) келген жеріңізді қарындашпен белгілеп қоясыз;

б) ортасына кітапбелгі қыстырасыз;

в) есте сақтау қабілетіңізге сенім артасыз.

14. Көршілеріңіз туралы:
а) аты мен тегін ғана есте сақтайсыз;

б) түрі есіңізде қалады;

в) ештеңе есіңізде қалмайды.

15. Қонаққа әзірленген үстелді көргенде:
а) таң-тамаша боласыз;

б) барлығы орын-орнымен тұрғанын тексересіз;

в) орындықтар түзу тұрғанын тексересіз.

Жауабы

1. А-3; Б-10; В-5;

2. А-5; Б-10; В-3;

3. А-10; Б-5; В-3;

4. А-10; Б-3; В-5;

5. А-3; Б-5; В-10;

6. А-5; Б-3; В-10;

7. А-3; Б-5; В-10;

8. А-10; Б-5; В-3;

9. А-5; Б-3; В-10;

10. А-10; Б-5; В-3;

11. А-10; Б-5; В-3;

12. А-10; Б-5; В-3;

13. А-10; Б-5; В-3;

14. А-10; Б-3; В-5;

15. А-3; Б-10; В-5.

150-ден 100-ге дейінгі ұпай. Сөз жоқ, сіз өте аңғарымпаз адамсыз. Өзгелерді нақ бағалайсыз. Өзгелердің әрекеті мен қылықтарына қарап әділ баға беріп, саралай аласыз.

99-75 ұпай. Сіздің байқағыштық қасиетіңіз мейлінше жақсы дамыған. Бірақ шешім қабылдарда белгісіз бір күдікке бой алдырасыз.

74 -45 ұпай. Айналаңыздағы адамдар түрінде, қылығында не жасырынып жатқаны сізді қызықтырмайды. Олармен араласқанда да ешқандай психологиялық қиындықтар тумайды.

45 ұпайдан аз. Жаныңыздағы адамдар ішінен не ойлайтыны сізге бәрібір. Әрдайым бос уақытыңыз болмайды. Тіпті өз істеріңізге есеп беруге мүмкіндігіңіз жоқ. Мұқияттылық деңгейіңізді дамытқаныңыз жөн.