Ботсваннан соңғы 100 жылдағы ең ірі алмаз табылды
Бостваннан әлемдегі ең ірі алмаз табылды. Салмағы 1111 карат тартатын тас үлкендігі жағынан салмағы 3106 карат болған атақты Куллинан алмазына ғана жол береді.
Үлкендігі жағынан әлемдегі ең ірі алмаз канадалық Lucara Diamond Corporation компаниясының африкандық кенішінен табылды.
Компания басшысының айтуынша, жүз жылдан астам уақыттың ішінде табылған ең үлкен зергерлік сападағы салмағы 1000 караттан асатын алмаздың табылуының маңызына баға жеткісіз.
Алмаз іздеушілерде 100 жылдан астам уақыт бойы мұндай үлкен олжа болған емес. Куллинан алмазы 1905 жылы ОАР-да табылған болатын. Куллинан Ұлыбритания королі Эдуард VII-ге сыйға тартылды. Алмазда жарықтар болғандықтан ол тоғыз ірі және 96 ұсақ бриллианттарға бөлініп, ең үлкендері Британия империясы тәжіне қадалды, деп хабарлады Би-би-си.