Мейвезер он алты жасар ұлына темір тұлпар сыйлады
Әлемнің ең мықты боксшысы саналатын Флойд Мейвезер, ұлына үлкен сыйлық сыйлады. 16 жасқа тоған Кораун әкесінен 30 мың фунт стерлинг тұратын Mercedes C-Class Coupe-тың кілтін алды.
Америкада көлік жүргізу куәлігі 16 жасынан бастап берілгендіктен, бұл көлік әкесінің ұлының көлік жүргізуге құқыға барына байланысты жасаған сыйлығы екен.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан біраз уақыт бұрын 38 жастағы Флойд Мейвезердің өзі де 3.5 млн доллар тұратын Bugatti Veyron Grand Sport Vitesse көлігінің иесі атанған.