Көңіл-күйді қалпына келтірудің 5 әдісі
10 минут далаға шығып, серуендеп қайтыңыз. Таза ауада кең тыныстап, денеңізді қозғалысқа түсірсеңіз бар ашуыңыз қалай тарқағанын байқамай да қаласыз. Табиғат көрінісі болсын, не қарбаласқан тіршілік болсын, құстар әні болсын, айналадағы барлық қоршаған әлем сіздің көңіл-күйіңізге әсер етпей қоймайды.
Жаныңызға жақын әуенді тыңдаңыз. Сол арқылы көңілдегі кірбіңді сейілтесіз. Қосыла шырқасаңыз тіптен керемет. Көңіл-күйіңіздің қалай қалпына келгенін байқамай да қаласыз.
Құлазуға жол бермеңіз. Кейде адам жаны жалғыз қалуды қалап, көңіл-күйіңіз болмайтын сәттер кездеседі. Десе де маңызды ісіңізді бастағалы тұрғанда, немесе жұмыс үстінде құлазуға жол бермеңіз. Мұндай көңілсіздік ісіңізге кедергі келтіреді.
Өткен ойлауды доғарыңыз. Көңіл-күйіңіз болмай тұрса, өткенді еске түсірмегеніңіз абзал. Болашақты ойлап, ойыңызды алға оздырыңыз. Жоспарларыңызды пысықтаңыз.
Достарыңызға қоңырау шалыңыз. Көңіл-күйіңіз болмай тұрса, жаныңызға жақын адамдарға қоңырау шалыңыз. Хал-жағдайын сұраңыз. Тіпті, көптен бері хабарласпаған танысыңызбен сөйлессеңіз де көңіліңіз бір марқайып қалады.
Ал сіздер қандай тағы әдістерін білесіздер?