Тұмаумен ауырғанда тұтынуға болмайтын өнімдерді білесіз бе?

Диетология ғалымдары суықтап немесе тұмаумен ауырып, емделіп жүргенде төмендегідей өнімдерді тұтынуға болмайтынын айтып отыр. Себебі олардың ауру мерзімін ұзартуға септігі тиеді екен.
Жаңғақ
Жаңғақ – ең жоғары колориялы өнім болғанымен, ол өте майлы. Одан өзге, жаңғақты көп жесеңіз тамағыңызды қышытады. Сол себепті де жоғарғы тыныс жолы аурулары үшін тұтынуға болмайды.
Көкөніс пен жеміс-жидек
Бұл өнімдерде минералдар мен пайдалы дәрумендер көп болғандықтан, ауыра бастағаннан бастап, соңына дейін тұтыныңыз. Егерде дене қызуы ұзаққа созылатын болса, ішектің жұмысы баяулайды. Ал көкөністердің өзегін асқазан дұрыс қорытпайды. Сол себепті, көкөністерді суға қайнатып немесе буға бұқтырып жеген дұрыс.
Ішімдік және кофе
Ішімдіктің вирустық ауруларға тигізер зияны өте көп. Себебі, ол ағзадағы реакцияны баяулатып, иммунитетіңізді төмендетеді және бауырға зиянын тигізеді. Ал суықтағанда кофені ішудің қажеті жоқ. Өйткені ол денені құрғатып жібереді.
Сүт өнімдері
Тұмау, суық тию, өкпеден шығатын қақырық, жөтел секілді аурулармен ауырып жүрсеңіз, сүт өнімдерін көп тұтынбаңыз. Себебі олар емделуге кері әсерін тигізеді. Бұл тұста жанжабіл шайы көп көмегін тигізеді, себебі ол тұмауды шақыратын вирустарды өлтіреді.
Фастфуд өнімдері, қуырылған ет, тоңба (холодец)
Май, қуырылған ет өнімдерін асқазан мен ішек аурулары кезінде көп тұтынбаған жөн. Одан ауруыңызды асқындырып аласыз. Ал тұмау кезінде фастфуд өнімдерін тұтынбаған абзалырақ, Себебі ағылшын ғалымдары суықтап немесе тұмаумен ауырып жүргенде, қайнатылған көкөніс пен тауық сорпасын тұтынған жөн дейді. Ыстық сұйықтық болып табылатын тауық сорпасы тыныс жолдарының қорғаныштық қызметін күшейтеді екен.
Тәттілер
Кәмпит, тәтті тоқаш пен шоколад секілді тәттілердің құрамында калория өте көп. Сондықтан иммунитеттің белсенділігін төмендетеді және қандағы ақ түйіршіктердің көбеюіне әсер етеді. Олар тамағыңыздағы бактерияларды да тез көбейтеді. Сондықтан ең тиімдісі – бал. Ол тәтті болғанымен, бактерияға қарсы әсері бар және иммунитетіңізді көтереді, өйткені балда қоректік заттардың көп мөлшері бар.
Картоп
Жөтеліп немесе тұмаумен ауырып, емделіп жүрсеңіз картопты көп тұтынбағаныңыз жөн. Оның құрамында көмірсу көп болғандықтан, дене ылғалына кері әсерін тигізеді.