Бауыр қабынуына шұбат пайдалы
Даңқты бабамыз Әбу Әли ибн Сина: «Адам ағзасына пайдалы шөптердің дені құмда өседі», - деген екен. Ал түйе жануары үнемі құмда, сортаң жерде жүргендіктен, бойы емдік қасиетке тұнған. Себебі, шұбатта ми мен жүйке жүйесіне пайдалы қант лактозасы, диабет, ісік аллергиясы, бауыр қабынуы мен псориозға қарсы дененің иммунитетін арттыратын антителалар бар.Түйе сүтінің дәрілік қасиеті зор болғандықтан, халық емшілері жануар сүтіне шомылдырып, қан-тамыр, жел-құз ауруларын емдеген. Және ағзаны жасарту үшін ішкен. Шұбаттың құрамында калций, мыс, темір, магнезий, мырыш секілді микроэлементтер және фосфор мен күкірт бар. Құрамы осындай макро және микро элементтерге бай шұбатты қазақтың халық емінде өкпе, асқазан аурулары, қарқұлақ, мешел ауруларымен қоса созылмалы түрлі дерттерден әлсіреген ағзаны қайта қалпына келтіру үшін қолданған және ағза уланғанда да емге пайдаланған. Әсіресе, шұбат түрлі өкпе дерттерінің барлық түріне шипа.