Еліміздің басым аумағында қар жауып, көктайғақ болады
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде күн жауын-шашынды, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, тек републиканың солтүстігінде күн ашық
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола облысында да жел соғып, бұрқасындатады. Жамбыл облысында кей бөліктерде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке дейін барады. Қызылорда өңірінде түнде жел соғып, күндіз оның екпіні 25 м/с-ке жетеді. Атырау өңірінде тұман түседі, жел күшейеді деп күтілуде. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында кей бөліктерде көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай, Қарағанды өңірлерінде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі деп болжануда. Барлық құқығы қорғалған.