Ересектерге арналған ермек
Ақ-қара түсті суреттерді бояп, оны әр түрлі айшықпен әрлендіру кішкентай балалардың ғана ермегі десеңіз қателесесіз. Әлемде мұндай істі ермегіне айналдырған ересектер де жетіп артылады. Көбіне психологтар күйзеліске ұшыраған адамға бояусыз суреттерді ұсынып, бар қайғысын шығаруға көмектеседі екен. Мұны тәжірибеге қатысқан адамдар да растап отыр.