Арықтауға арналған жанжабіл шайының 3 рецепті
1 рецепті:
Жанжабіл тамырын кішкентай үккіштен өткізіп, бір шай қасығын алып термосқа салып, үстіне 1,5-2 литрдай қайнаған су құйыңыз. Тұнбаны тамақ ішерден жарты сағат бұрын 1 стақаннан тұтыныңыз.
2 рецепті:
Бір шай қасық ұнтақталған жанжабілді кесілген сарымсақтың бір бөлігімен араластырып, үстіне бір стақан қайнаған су құйып, 20 минут күтіңіз. Одан кейін тамақтанардан 20-30 минут бұрын іше беруіңізге болады. Мұндай шайдың күніне кем дегенде 8 стақанын ішкеніңіз дұрыс. Сонда тез арада артық салмақтан арыласыз.
3 рецепті:
Жанжабілді үккіштен өткізіңіз. Оның жарты шай қасығы мен жалбыздың бірнеше жапырағын және лимонның бір бөлігін 200-300 мл қайнаған су құйып, тостағанға салыңыз. Бұл қоспа шамамен 10 минут тұру керек. Содан соң қалаған уақытыңызда ішуіңізге болады.