Қышаның емдік қасиеті
Қышаны халық медицинасында кеңінен қолдану арқылы көптеген аурудың алдын алады. Мысалы:
Аяғыңыз ауырса:
Аяғыңыздың ауырғанын басып тыныштандыру үшін 2 ас қасық қышаны 2 литр қайнаған сумен араластырып, жарты сағат сол суға аяқтарыңызды малыңыз.
Тамағыңыз ауырса:
Аздап лимон шырыны мен 1 шай қасық тұз бен бал және ½ шай қасық қышаны 100 мл жылы суға араластырып, күніне 4-6 рет тамағыңызды шайыңыз.
Гайморит, тұмау ауруларына шалдыққанда:
Матаны ыстық суға малып, оның ортасына кептірілген қышаны орап, жатар алдында иіскеп жатыңыз. Нәтижесіне көзіңіз жетеді.
Арқаңыз ауырғанда, артрит кезінде, сіңіріңіз созылып кеткенде:
Қыша қосылған ванна қабылдаңыз. Ыстық су толтырып, оған 220 грамм кептірілген қыша ұнтағын сеуіп, жақсылап араластырып түсіңіз. Ескерту: 20 минуттан артық түсудің қажеті жоқ.