Доллар 307 теңгеге дейін арзандады
KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 307,12 теңге болды. Еске сала кетейік, таңғы сессияда доллар 312,65 теңгеге тең болған еді.
2015 жылдың 9 қарашасында күндізгі сессияда алғашқы келісім 309 теңгемен жасалды. Бұл ең максималды баға болды. Осыдан кейін шетелдік валютаның бағамы күрт төмендеп кетті. Ең төменгі баға - 306,92 теңге. Сауда көлемі 163,05 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 25 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 306-309 теңге аралығында сатылып жатыр.