Кәуап бүйрек қатерлі ісігі ауруына шалдықтырады
Техас университетінің зерттеушілері бүйрек қатерлі ісік ауруына шалдыққан 659 адамның күнделікті жиі тұтынатын тағамдарына тәжірибе жүргізіп көрген. Сондай-ақ, тәжірибеге 700-ге жуық дені сау адамдардың күнделікті тұтынатын тағамдарын алып, екеуін салыстырған. Нәтижесінде бүйрек қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың көбі отқа қуырылған тағамдарды (кәуап, барбекю) жиі дастарханына қоятыны белгілі болған. Отқа қуырылған тағамдардың құрамында PhIP және MeIQx канцерогенді заттары көп болады. Дәл осы канцерогендер ағзада қатерлі ісік ауруларын және әр түрлі қатерлі және қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар болып саналады. Адам ағзасындағы зат алмасуда бүйрек сүзгі қызметін атқаратынын ескерер болсақ, дәл осы канцерогендер оның қабынуына әкеліп соқтырады екен.