Айқын мен Луинаның қосылмаған ғашықтар жайлы әні тыңдарманда

Әнші Айқын Төлепберген Луинамен бірге қосылып “Көршілер” хикаясының саундтрегін орындады. Әртістердің жаңа туындысы тыңдармандардың көңілінен шығып, жанкүйерлерді тамсандырды.

Бұл ән жаныма ерекше жақын. Өйткені, әні мен сөзін жазуға өзім атсалыстым. Екі күн, екі түн көз ілмей жұмыс істедік. Әуені мен сөзін тұла бойымен сезінген Луинаға рахмет. Ән әдемі шықты деп ойлаймын. Ол бір-бірін шын сүйетін, бірақ бірге бола алмайтын жандар туралы”, – дейді Айқын Төлепберген жаңа ән жайында.

Әншінің айтуынша, жаңа туынды қос ғашықтың үйлеспейтінін, бірақ бір-бірін шексіз сүйетінін көрсету үшін екі тілде, қазақ және орыс тілінде жазылған.