Алматыда Абай даңғылының бойында Бауырдан Момышұлы көшесімен
Алматыда Абай даңғылының бойында Бауырдан Момышұлы көшесімен қиылысар тұста жаңадан салынып жатқан метро бекетіне Бауыржан Момышұлының есімін беру керек.Алматыда Абай даңғылының бойында Бауырдан Момышұлы көшесімен қиылысар тұста жаңадан салынып жатқан метро бекетіне Бауыржан Момышұлының есімін беру керек.
Бұл туралы Алматыда Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатында Кеңес Одағының Батыры, қаhарман қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш-мүсіннің ашылу салтанатында парламенті мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, ақын Бақытбек Смағұл мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл ұсыныс егер оң шешімін табар болса, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, Бауыржан Момышұлының ғана емес, сол сұрапыл соғыста қан төккен барша жауынгер ата-бабаларымыздың рухына жасалған зор құрмет болар еді.
«Бұл қадам сырт көзге сес, ал ұрпағымызға ес болар еді. Кезінде, 2010 жылы Халила Омаров екеуміз «Қазақтың Бауыржаны» деген деректі фильмді түсіру үшін Мәскеуге барған кезімізде Волоколамск қаласының әкімі Василий Шулепов: «Ұлы Отан соғысында миллиондаған жауынгер соғысты. Бірақ, қазақ халқының қайсар рухты ұлдарының арқасында фашистер Мәскеуді басып ала алмады», – деген болатын. Мәскеуде «Алматы» метро бекеті бар, ал Алматыдағы жаңа метро бекеттерінің бірі «Мәскеу» деп аталды. Бұл, екі ел арасындағы достықтың алтын көпірі іспеттес. Сондықтан, достықтың шекарасында шек болмасын, арада өткен оқиғалардан кек болмасын, ұрпақ сабақтастығы жалғассын десек, жаңадан салынып жатқан метро бекетіне Бауыржан Момышұлының есімін берген жөн. Бұл ұсынысты Алматы қаласының әкімдігі құп көреді деген үміттемін», – деді Смағұл.