19 жастағы қазақ қызы «Поле чудес» бағдарламасында жеңімпаз
6 қарашада «Еуразия» бірінші арнасында эфирге «Поле чудес» шоуы шықты. Мұнда 19 жастағы оралдық Салтанат Исмағұлова жеңіске жетті. Бойжеткен ойыншылардың үшінші үштігінде мүмкіндігін сынады.
«Бұрынғы кезде бал кештерінде күйеуге шыққан әйел адамдар қандай бас киім киюі тиіс еді?» – деген сұрақты бағдарлама жүргізушісі Леонид Якубович оқыды. «Берет» деген дұрыс жауабын үшінші мүмкіндікте Салтанат тапты.
Кейін Салтанат Исмағұлова жартылай финалда жеңіске жетті.
«Сіз 8900 ұпай жинадыңыз, – деп жүргізуші қатысушыны қуантты. – Сіз қалағаныңызды таңдай аласыз. Тізімдегі барлық сыйлықтарды ала беріңіз. Оның ішінде ноутбук, телефон, үй кинотеатры, ас бөлмесіне арналған жабдықтар».
Салтанат Исмағұлова ойынның соңғы кезеңінде бағын сынаудан бас тартып, қол жеткізген сыйлықтардың барлығын Оралға алып кетті деп хабарлайды «Мой город» басылымы.
Дереккөз: ИА "Казинформ"