Тез қартайғыңыз келмесе
Сіз бірден қартайып кетпейсіз. Ол ақырындап есте сақтау жадыңыздан, тез шаршап-шалдығуыңыздан, жүйке жүйеңізден біртіндеп көрініс таба бастайды. Одан дер кезінде түрлі ем, жаттығу, дұрыс тамақтану, демалу арқылы сақтана білмесеңіз, өзіңізді кәріліктің қалай билеп алғанын байқамай қаласыз. Адамның өзін сергек сезінуі – көңіл күйінің көтеріңкі, рухының мықты болуы мен дұрыс өмір сүруінде, өзгелерге жақсылық жасап, ұл-қыздарының қуаныш-қызығын көруінде. Қартаю – табиғи құбылыс болғандықтан бәріміз де қартаямыз. Бастысы сіздің әдемі қартая білуіңізде.