Құрмадан жасалған смузи
Құрма жемісінің құрамында көптеп кездесетін В1, В2 дәрумендері бауыр ауруларына қарсы күресуге көмектеседі. Сонымен қатар ол қатерлі ісіктің алдын алып, жүрек-қан тамырларына оң әсерін береді. Бұл жемістің жалпы адам денсаулығына пайдалы тұстары өте көп. Мысалы, құрмадан смузи жасап ішсеңіз, миыңыздың жұмыс істеу қабілетін арттырасыз. Ендеше, құрмадан смузи жасап үйреніңіз.
Ол үшін сізге:
- бір апельсин;
- үш құрма;
- 2 см жанжабіл тамыры;
- 0,5 шай қасық даршын;
- 0,5 стақан су керек.
Дайындау жолы:
1. Құрманың сүйектерін алып, бөліктерге бөліп кесіңіз.
2. Апельсин қабығын аршыңыз.
3. Жемістерді және даршын мен жанжабілді блендерге (араластырғыш) салыңыз.
4. Дайын болған соң стақанға құйып ішіңіз.