Дамыған елдерде өмір ұзақтығы 80,5 жасқа дейін өсті
Дамыған елдерде өмір ұзақтығы өткен ғасырдың 70-ші жылдарымен салыстырғанда 10-нан астам жылға өскен. Бұл туралы халықаралық экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы хабарлады.
Ұйымға 34 ел мүше болып табылады. Ұйымның сәрсенбі күні басып шығарылған материал жинағында ХЭЫДҰ-да өмір ұзақтығы орташа есеппен алғанда шамамен 70-тен 80,5 жылға дейін өскен.
Әлем елдерінде бұл жағынан ең көп өсімді Түркия мен Үндістан көрсетті, ондағы орташа өмір ұзақтығы үштен бір есе өскен: 1970 жылы Түркияда 55 жас деңгейінде болса, 2013 жылға қарай шамамен 50-ден 76,6 жасқа дейін өскен.
Үндістанда өмірдің орташа ұзақтығы шамамен 50 жастан 66,5 жасқа дейін өсті, алайда олар бұл өлшем бойынша әлемдегі ең төмен нәтиже көрсеткен елдердің бірі болып қалып отыр.
Өсімнің болар-болмас көрсеткіштерінің бірі – Ресейде. Ұйым материалдарында айтылғандай, 1970 жылы ресейлік азаматтың өмірінің орташа мерзімі шамамен 68 жас болса, 2013 жылға қарай 71 жасқа дейін өскен.
Салыстырмалы өсімді Литва мен Латвия көрсеткен, алайда олардың 2013 жылғы көрсеткіштері РФ-ға қарағанда шамамен бір немесе екі жыл көп болған (тиісінше 73,9 және 73,5 жас). Тізімде Ресей тек екі елден қалып отыр – бұл Оңтүстік Африка (56,8 жас) және Үндістан.
ХЭЫДҰ-ның мәліметтерінше, ең көп өмір сүретіндер – бұл жапондықтар. Жапондық азаматтардың орташа өмір ұзақтығы 2013 жылы 83 жастан сәл асқан. Жапониядан кейін бұл көрсеткіш бойынша салыстырмалы сандармен Испания мен Швейцария тұр.
Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, 1800 жылы елдегі әйелдер өмірінің орташа ұзақтығы 33 жас, ер адамдарда – 31 жас болған.
Дереккөз: Казинформ