Қазақстандықтар қандай ескі автокөліктерді жиі сатып алады
Қазақстанда ескі автокөліктердің нарығы 2015 жылдың тамызында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға өсті, - деп хабарлайды "Автостат Инфо". Өткен жылы елімізде 43 542 автокөлік сатылса, биыл 44 271 данаға көбейген.
Нарық құрылымында шетел көліктерінің сұранысқа ие екендігі хабарланып отыр. Олардың саудасы тамызда 2,6 пайызға өсті, сәйкесінше 35 558-ден 36 484 данаға дейін көбейді. Ресей автомобильдерінің саудасы 2,5 пайызға азайды, сәйкесінше өткен жылы 7984 дана көлік сатылса, 7787-сі өткен.
Қазақстанда ескі автокөліктер нарығында Toyota көш бастап тұр. 2015 жылдың тамызында қолданыста болған 8688 дана Toyota сатылыпты. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 26,6 пайызға көп, өткен жылы 6865 данасы сатылған. Алғашқы сегіз айдың қорытындысы бойынша, сауданың өсуі 77,3 пайызға тең.
Сатылымы бойынша екінші орында "АвтоВАЗ" келеді. Тамызда ескі жеңіл автокөліктер нарығында елімізде 6823 "ВАЗ" автомобилі сатылыпты - бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4 пайызға аз (өткен жылы 6853 дана авто сатылған). 2015 жылдың қаңтарынан тамызға дейін ескі "ВАЗдардың" жергілікті нарығында жылдық салыстыруда сатылым 69,3 пайызға көбейген, яғни 49 015-тен 82 994 данаға көбейіпті.
Ал үштікке Volkswagen маркалы автомобильдер кіріп отыр. Тамызда елімізде 3677 ескі Volkswagen сатылған, бұл 2014 жылғы көрсеткішпен (4330 дана) салыстырғанда 15,1 пайызға аз. Алғашқы сегіз ай кезеңіндегі көрсеткіш бойынша бұл маркадағы автокөліктердің сатылымы 4,7 пайызға өсті, яғни 31 114-тен 31 413 данаға дейін көбейді.