Қазақстандықтардың қайырымды ісін бүкіл ел көре алады

Қазақстандықтардың қайырымды ісін бүкіл ел көре алады.

Қазақстанда #ДелайДобро әлеуметтік сыйлығы іске қосылды. Жобаны "Еріктілердің Ұлттық Желісі" ашып отыр. Қазақстандықтардың қайырымдық істері туралы видеоларды "Жетінші арна" эфирден көрсетеді.

"Премияның қатысушысы болу оңай! Әрбір қазақстандық өзінің қайырымды ісі туралы авторлық материалын әлеуметтік желілерде жариялай алады: видео немесе әңгіме, оған тек #ЖақсылықЖаса немесе #ДелайДобро хэштегі қойылуы тиіс. Үздік жұмыстардың авторлары мен қатысушылары бағалы сыйлықтар алады. Ал ең бастысы - оларды Қазақстан халқы көреді. Ең қызық оқиғалар "Жетінші арна" республикалық телеарна эфирінде көрсетіледі", - деп хабарлады жоба авторлары.

Қайырымды іс туралы фото, видео немесе әңгімені www.delaidobro.kz сайтына WhatsApp желісіндегі +77012203153 номері немесе delaidobro@tv7.kz поштасы арқылы жолдауға болады. Видеоны vk.com/delaidobrokz және facebook.com/delaidobrokz парақшаларына жүктеуге болады.

"Біз БАҚ-тар мен әлеуметтік желілердегі негатив пен зұлымдықты қайырымды іспен алмастырғымыз келеді. Жақсылық жоғары рейтинг бермейді, ақпарат кеңістігінде оларды жоқ деуге де болады. Біз мұны өзгерте аламыз. Бірге", - деді Еріктілердің Ұлттық Желісінің сарапшысы Жанара Омарова.

"Қарапайым істен бастауға болады: ағаш отырғызу, сенбілік ұйымдастыру, балалар алаңындағы қоршауды сырлап беру, таныс емес адамның көлігінің дөңгелегін ауыстырып беру. Бастысы жақсылық істердің шын ниеттен болуы", - деді сарапшы.

"Телеарнамыздың басты құндылығы - адамдарды бақытты ету, қазақстандықтарға жақсы көңіл-күй сыйлау және позитивке үндеу. Сондықтан біз жобаға қуана қолдау білдірдік. Әрбір адам қаһарман бола алады. Біреудің қайырымды ісін көріп қалдыңыз ба немесе өзіңіз жақсылық жасадыңыз ба? Әрекетті видеоға немесе суретке түсіріп, бүкіл елге көрсетіңіз, Қазақстанды жақсылық жасауға үндеңіз! "Жетінші арна" телеарнасыдағы "Күнбастар" таңғы бағдарламасында апта сайын үздік оқиғаларды көрсетіп, олармен әңгімелесіп, сыйлықтар табыстаймыз", - деді "Жетінші арна" атқарушы директоры Бақыт Әлпейісова.

Премияның финалында ұйымдастыру комитеті "Қайырымды мамандық", "Қайырымды жүрек", "Интернеттегі қайырымдылық" аталымдары бойынша үздік жұмыстардың тізімін жасайды. Бұдан кейін қазақстандықтар дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.