5 қазанда Ұлттық банк 54,5 миллион долларға интервенция жүргізді. Айта кетейік, 2 қазанда 106,5 миллион долларға кезекті рет интервенция жүргізілген болатын.
Теңге бағамына қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті.
Сол кезден бері шетелдік валютаның бағасы 270 теңгеге дейін төмендеді. Бұл бағам әлі күнге сақталып тұр. Сарапшылардың айтуларына қарағанда, Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына қолдау көрсетуге жасап жатқан шараларының арқасында бұл баға әлі ұзақ сақталуы мүмкін.