Тереземнен жаймен сығалап...

Тереземнен жаймен сығалап,
Қайда екен деп сені ойлаймын...
Білемін екеуміз қоштастық...
Бірақ мен бұған әлі де сене алмаймын.
Сен кеткесін жігер де жырақтады
Әлсіздігiмдi бір өзім жене алмаймын.
Ауыр сөздерінмен жүрегімдi жараладың
Жыл өтпей өзіме келе алмаймын...
Сені ессіз сүйген жүрегімнiң тағдыры
Бір саған  жіпсіз байланып еді...
Өзіңмен тура бір жұмақты кешкендей
Өмірім менің гүл бақшаға айналып еді...
Жүрегімнен сыр ақтарып бір саған
Елестеттім бір сені болашағым деп...
Талай таңды ақ арманмен қиялдап
Ойлап едім бақытқа жол ашамын деп...
Қазіргі халым қолымды шынжырлады
Бірақ та...бірақ та көңілімді сындырмады...