Шашты жиі бояу бауыр ауруына шалдықтырады
Шашты жиі бояу бауыр ауруына шалдықтырады
Бауырдың қабынуына алкогольді ішімдіктер ғана зиянды емес екен. Шашқа арналған бояулар да бауырдың зақымдануына себепкер болады екен. Бұл туралы Лондон университетінің зерттеушілері хабарлап отыр.
Шаш бояуларының зияны туралы Лондон университетінің зерттеушілері бірнеше жыл зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеуге шашын жиі бояп тұратын 7 000-ға жуық адам қатысқан. Олар арнайы сауалнама сұрақтарына жауап беріп, мазалап жүрген дерттері туралы айта кеткен. Көпшілігі бауырдың қабыну дертінен сырқаттанып жүргендіктерін мәлімдеген.
Шаш бояуларының құрамындағы химиялық элементтер денсаулыққа айтарлықтай зиян. Университет зерттеушілерінің хабары бойынша одан бауыр көбірек зардап шегеді екен. Сондай-ақ шашын жиі бояп тұратын адамдарды гипертиреоз (қалқанша безінің гармонын әдеттегіге қарағанда көп бөле бастауы), целакия (асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруы) мен шорбуын (буынның қабынуы) дерттерінен көп зардап шегеді екен.