Су тасқынынан зардап шеккендер жаңа пәтерге қоныстанды

Қарағанды облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жұмысы жалғасып жатыр. Қазіргі күні Шет ауданындағы үй-күйсіз қалған жұрттың барлығы жаңа пәтерлерге қоныстанды.

Ерте көктемде қызыл су аудандағы 106 үйді шайып кетіп, соның 8-і апатты деп танылған болатын. Бұл – 17 пәтер. Бүгінгі таңда қазынадан бөлінген 97 миллион теңгеге 15 пәтер салынып бітті. Ал құжаты жоқ қалған екі үйді жергілікті билік сатып алып, тиісті қаражатын қожайындарына тапсырған.

Сонымен қатар мұқтаж жандарға 25 миллион теңге көлемінде материалдық көмек үлестірілген. Айта кету керек, тілсіз жау сондай-ақ ауданаралық үш жарым шақырым жолды шайып, алты су ағатын құбырды бұзып өткен. Бұл мақсатқа бюджеттен 3 миллион теңге бөлініп, қысқа мерзімде қалпына келтірілді.