2015 жылғы 15-17 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы
2015 жылғы 15-17 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы
Ресейдің Еуропалық аумағы аймақтарынан антициклон алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы жылжитын болады. Сондықтан республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, температура бұрынғыдай климаттық нормадан төмен болады, солтүстікте, орталықта және оңтүстікте күн ашылғаннан кейін 0, -3º дейін үсік өтуі мүмкін. Ал Қазақстанның батысында келесі атмосфералық фронт ауысады, онымен кей жерлерде жаңбыр жауады және қысқа мерзімді жылудан кейін қайтадан температураның төмендеуі күтіледі.