Қызылордада 3Деден жасайтын шебер бар
Қызылордалық шебер 3Д еден жасайды.
Шебердің қолы ортақ. Қаламыздың 22 жасар тұрғыны Ербол Әшірбек өзгеше өнерге ден қойыпты. Ұзақ ізденіспен зерттеудің нәтижесінде 3Д еден жасауға машықтанған. Әзірге өз үйімен туыстарының үйін безендірген шебер кәсібінің аясын кеңейтуді көздейді. Ерболдың негізгі мамандығы компютер бағдарламашысы. Оқуын бітіре салысымен өзгеше бір дүние жасауды көздеген ол көп ізденеді. Ресей сайттарынан құйылмалы еден жасау курсын көзі шалған ол Новосібір асып осы кәсіпті меңгеруге бел буған. Қазақстаннан бір өзі ресейге барған ол 3Д еден жасауға машықтанған.
Бұл еденнің құрамы бірнеше элементтен тұрады. Әрі оны арнайы тапсырыспен ресейден алдырады екен. Бір ғана түспен өрнексіз және өзіңіз қалаған суретпен өрнекті етіп те жасап береді. Міне мынау алғашқы жұмысы. Тәжірибені өз үйінің бөлмелерінен бастапты.
Бұл еденнің жарамдылық мерзімі 30 жыл. Астынан жылу жүйелері жүргізіліп бетонға құйылады. Денсаулыққа зиянсыздығы жөніндеде сертификаты бар екен. Осыны қолға алған жасшебер нақты кәсіпке айналдыруды да көздеп отыр.Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша курстан өтіп сертификат алған.