Ауа райы: Таяуда күн суытып, бұршақ жауады

Синоптиктердің мәліметінше, 10 қыркүйектен бастап батыста, ал 11 және 12 қыркүйектен бастап солтүстік пен орталықта күн суытады.

"Ираннан келген ауа массасының әсері солтүстікте және орталықта жақын арадағы тәулікте, ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста екі тәулік сақталады. Ал Қазақстанға Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік-батысынан суық атмосфералық фронттар ауысады, ол ақырындап шығысқа қарай жылжиды. Онымен бірге жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ және температураның төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда қыркүйек айында жылы болатыны хабарланған еді. Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасының орташа мәні нормаға сай болады, ал қалған өңірде 1 градусқа жоғарылайды деген болжам бар.