ШҚО-да 90 млн. теңге ұрлаған ұрылар ақшасын таксиде ұмытып к

26 тамызда полицияға Глубоковский ауданы Березовка кентінің тұрғыны - жергілікті шаруа қожалығының басшысы келіп, үйіне ұрылар кіргенін айтты. Баспанасынан 155 мың еуро, 150 мың доллар, үш миллион рубль, сонымен қатар шамамен жарты миллион теңгенің алтын бұйымдары қолды болды, деп хабарлады YK-news.kz.

Бесінші тәулікте тәртіп сақшылары екі күдіктінің ізіне түсіп, олар кінәсын мойындады.

Полицейлердің пікірінше, күдіктілер дәулетті жанұя туралы Глубоковский ауданындағы туыстарынан естіген.

Ірі ақша қолына түскен соң қылмыскерлер оны ысырап қыла бастаған. Полицейлер ұрланған ақшаның 80% ғана қайтарды.

Күдіктілер қымбат техника, заттар, элиталық алкоголь сатып алған. Таныстарына, әсіресе қыздарға ақша берген. Осылайша күдіктілердің танысы бір миллион жеті жүз мың ресейлік рубльге ие болды. Ол кейін өз еркімен ақшаны полицейлерге берді.

Тәртіп сақшыларына жергілікті таксист те көмектесті. Оның көлігінде мас жігіттер 105 мың еуро мен 40 мың долларды ұмытып кеткен. Ер адам ақшаны полицияға апарды.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Глубоковский АІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тәртіп сақшылары олардың өзге қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.