Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының президенті болуға ниетті. Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі «За тебя Баке» тобы хабарлайды.

Желіде Айсұлтан Назарбаевтың өзін Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне ұсынғаны туралы ақпарат пайда болды.
Айсұлтан Рахатұлы қазіргі ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановтың екі бірдей лауазымды қызметті қатар алып жүргенін сынға алған.

01

«Ерлан Қожағапанов мырза ҚФФ президенттігімен қатар «Астана» кәсіби спорт клубының басшысы міндетін де атқарып жүр. Ал ФИФА заңы бойынша, бұған жол берілмеуі керек. Сондықтан, кезектен ҚФФ президентінің сайлауын өткізуді ұсынып, оған өзімнің үміткер екенімді айтқым келеді. Өзімнің ойыншы ретіндегі және Біріккен Корольдіктегі тәжірибеме сүйене отырып, барлық білімім мен күш-қуатымды Қазақстан футболына жұмсауға дайынмын», – делінген хатта.

хат

Еске сала кетейік, Айсұлтан Назарбаев Ұлыбританияда футбол тәлімін алып, «Астана» және «Сұңқар» клубтарында доп тепкен болатын.

Кезінде Айсұлтанның әкесі Рахат Әлиев Қазақстан футбол одағының президенті қызметін атқарып, Қазақстанның УЕФА қатарына өтуіне септігін тигізген болатын.