Тайланд астанасына метеорит құлады

Тайланд астанасына метеорит құлады (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайланд астанасы және оның маңының тұрғындары бүгін, 7 қыркүйекте аспаннан ерекше жағдайды бақылады. Белгісіз нысан атмосфераға кіріп, жерге бірнеше шақырым жерде көз қарықтыра жарқ етіп жарылды.
Бангкокта оны көрген куәгерлер жарылыс дауысын естімегенін айтса, астанадан 200 шақырым жерде Канчанабури провинциясында дыбыс естілген.

Ұлттық-ғылыми астрономия институтында аспанда жарылған нысан, метеорит болуы мүмкін екенін хабарлады. Әзірге ғалымдар жерден аспан денесінің қандай да бір сынықтарын тапқан жоқ.