Роберт Кийосакидің дәйексөздері

Назарларыңызға жапон текті американдық Роберт Кийосакидің бизнес саласында жазылған "Бай әке, Кедей әке" атты бестселлерінен алынған цитаталарды ұсынамыз.


Актив - табыс алып келеді, пассив - сені кедей етеді.
Ақылды адам өзінен де жетік адамды жалдайды.
Ақшаның құлы болуға да, биі болуға да болады.

Үлгілі оқы, сосын беделді компанияда жұмыс істей аласың (Кедей әке),
Үлгілі оқы, сосын беделді компанияны сатып ала аласың (Бай әке).

Тамаша көлік пен үлкен үй сенің әлі жеткілікті бай немесе ақша табу икеміңнің мол екенін білдірмейді.

...Тыңдау сөйлеуден маңызды. Егер бұл шындық болмағанда біздің екі құлағымыз бен бір аузымыз болмас еді.Көп адам жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді тыңдап сосын пайдасына асырудың орнына аузымен ойлап, жағаласа береді. Сұрақ қоюдың орнына қарсы пікірін көп  танытады.